Трахеальды (кеңірдек) интубацияға арналған жабдық жедел жәрдем аясында: ота жасау бөлмесінде, реанимация бөлімінде немесе науқастың төсегінде жиі қолданылады.
Эргономикалық, ықшам, жоғары технологиялық Olympus жабдықтары төтенше жағдайда дәрігерге үлкен көмек болып, бар зейінін пациенттің өмірі мен денсаулығына бөлуге мүмкіндік береді.
Ойластырылған құрылымы кеңірдек интубациясының процесін жеңілдетуге және жеделдетуге көмектеседі, ал визуализация жүйесі процесті оның барлық кезеңдерінде мұқият бақылауға мүмкіндік береді.
Трахеальды интубацияға арналған жабдық Olympus бейнескоптары мен портативті фиброскоптары түрінде ұсынылған.