Тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыру – жабдықты дұрыс пайдаланудың маңызды факторлары, пациенттер мен дәрігерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі.
Жұмсақ және тиімді өңдеудің арқасында жабдық өзінің бастапқы өнімділігін ұзақ сақтап, жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді сирек қажет етеді.
Olympus компаниясының тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыру жабдығы сізге осы процестерді барынша автоматтандыруға, олардың ұзақтығын қысқартуға және дәрігер күнде жасалатын эндоскопиялық құралды өңдеу процестеріне алаңдамай, өзінің бар уақыты мен назарын пациенттерге аудара алатындай жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Olympus компаниясының эндоскоп сақтауға арналған репроцессорлары мен шкафтары бұл процестерді барынша тиімді және жедел етуге мүмкіндік береді.
NOVIRS компаниясы, сондай-ақ, сіздерге арнайы щеткалардан, адаптерлерден және герметикалықты тексеретін жабдықтан тұратын Olympus эндоскоптарын қолмен тазалау жабдығын ұсынуға қуанышты.