Эндоскопиялық шырышасты диссекция (ESD) – эндоскопиялық жолмен асқазан-ішек жолдарындағы патологиялық ісіктерді жоюға мүмкіндік беретін аз инвазивті хирургиялық әдіс.
Бұл процедура барысында дәрігер ісіктің өзін кесіп алып қана қоймай, сонымен қатар шырышасты қабаттағы зақымдалған, аурудан зардап шеккен аймақты резекциялайды, бұл асқынуларды болдырмай, пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.
Эндоскопиялық шырышасты диссекция бұл ашық хирургиялық араласудың заманауи, технологиялық баламасы болып табылады.
NOVIRS компаниясы сіздердің назарларыңызға заманауи және технологиялық Olympus құралдарының кең ассортиментін, бір реттік электрохирургиялық пышақтарды, қармағыш қысқыштарды, сондай-ақ полипэктомия, эндоскопиялық шырышасты диссекция (ESD) және шырышты резекция (EMR) жасауға арналған бір реттік гемостаз қысқыштарын ұсынады.
Полипэктомиялық ілмектердің үлкен таңдауы дәл сіздің мақсаттарыңызға арналған құралды таңдауға мүмкіндік береді: орақ тәрізді, сопақша және алтыбұрышты пішіндегі, әртүрлі өлшем мен конфигурациядағы қатты және жұмсақ ілмектер бар, олар тіпті арнаның тар жағдайында да ота жасауға мүмкіндік береді.
Компанияның ассортиментінде полипэктомия кезінде және одан кейін қан кетумен тиімді күресуге мүмкіндік беретін эндоскопиялық лигаторлар да бар.
Сондай-ақ, шырышасты қабаттың эндоскопиялық диссекциясын жүргізуге арналған электрохирургиялық пышақтар мен қысқыштар, сонымен қатар әртүрлі мақсаттағы дистальды қақпақтар мен саптамалар бар.