Жылдар бойы атқарған жұмысымыздың арқасында біз медицинаның барлық салаларында кеңінен танылдық.
Біз өңірлік ауқымдағы ірі ауруханалармен, негізгі ғылыми-зерттеу институттарымен, сондай-ақ көптеген жеке медициналық мекемелермен жұмыс істейміз.
Біздің негізгі серіктестеріміз:
- "Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ" АҚ, Алматы қ.;
- ҚазОРҒЗИ (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты), Алматы қ.;
- ҚР ПІБ ауруханасы жанындағы "Орталық клиникалық аурухана" АҚ, Алматы қ.;
- Алматы онкологиялық орталығы;
- Қарағанды қаласының № 3 көпсалалы қалалық клиникалық ауруханасы;
- Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасы;
- "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ.
Медициналық жабдықтарды жеткізуден басқа, NOVIRS компаниясы зерттеу және кәсіби білім беру қызметін қажетті базамен қамтамасыз етеді, УДЗ-эндоскопия саласындағы білім беру жобаларына қатысады. Olympus және Sony жабдықтары негізінде дәрігерлердің жаңа буыны заманауи медициналық технологиялармен және диагностиканың прогрессивті әдістерімен танысуда.
NOVIRS – заманауи медицинаның болашағы осында! Серіктестерімізге қосылыңыз да, бізбен бірге соған қадам жасаңыз!