Sony бейнерекордерлерімен ақпаратты ең жоғары сапада сақтаңыз және мұрағаттаңыз!
Sony бейнерекордерлері медициналық деректерді сақтау процесін жеңілдетіп, оны сенімді, қарапайым, түсінікті ететіндей және сонымен бірге сурет сапасы жоғалмайтындай етіп әзірленген.
Sony медициналық бейнерекордерлері бейнелержазба мен кескіндерді 2D немесе 3D форматында ең жоғары 4K, Full HD және HD ажыратымдылықта сақтауға мүмкіндік береді, өйткені бейнелеу сапасы патологиялық процестерді анықтаудың және дұрыс диагноз қоюдың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Бейнерекордерлер сыйымдылығы жоғары қатты дискімен жабдықталған және медициналық құрылғылардың кең ауқымымен үйлесімді болып келеді. Олар суреттер мен жазбалардың сақталуын қамтамасыз ету, файлдарды басқа тасымалдаушыларға экспорттауда уақытты үнемдеу және медициналық мекеменің ішінде деректермен алмасуды жеңілдету үшін суреттер мен бейнежазбаларды ішкі, сыртқы жинақтағышқа және серверге бір уақытта сақтауға мүмкіндік береді.
Бейнерекордерлер ықшам, қарапайым, интуитивті түсінікті интерфейске ие.