NOVIRS компаниясының сервистік бөлімшесі — Орталық Азиядағы Olympus медициналық жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі сертификатталған жалғыз орталық.
NOVIRS компаниясы өндіруші зауытпен тікелей жұмыс істейді және бұл жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету барысында тек Olympus компаниясының сертификатталған түпнұсқалық қосалқы және құрамдас бөлшектері қолданылады.
Техникалық шарттар бізге кепілдікті және кепілдіксіз жағдайларда әртүрлі санаттағы жабдықтарға қарапайым және күрделі жөндеуді өз бетімізше жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бізде өндіруші зауыт базасында жабдықты күрделі жөндеу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда NOVIRS менеджерлері барлық логистикалық, техникалық және басқа процестерді ұйымдастыруды толығымен өз мойнына алады.
NOVIRS компаниясынан Olympus жабдығын сатып алғанда, мынаған сенімді болыңыз: жабдығыңызға техникалық қызмет көрсету – ең сенімді қолда!