"NOVIRS" ЖШС – Орталық Азиядағы Sony және Olympus медициналық жабдықтарының, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығын материалдарының ресми дистрибьюторы.
Компаниямыздың тарихы 2011 жылдан бастау алады. 10 жылдан астам уақыт бойы біз жеткізілетін жабдықтардың ассортиментін кеңейтіп, ұсынылатын сервис пен менеджмент процестерінің сапасын жетілдіріп келеміз, өңірлердегі әріптестік желі мен орналасу географиясын кеңейтудеміз.
Бүгінде біз Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында Sony және Olympus медициналық жабдықтарын ұсынамыз. Барған сайын көбірек аймақтарды қамти отырып, шағын және ірі медициналық мекемелер үшін жоғары технологиялық медициналық жабдықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз.
Бүгінгі таңда компанияның миссиясы – Орталық Азия аумағында заманауи медицинаны қол жетімді және диагноз қоюда дәлірек ету.
Біз медициналық жабдықтар нарығының көшбасшылары Sony және Olympus компанияларымен ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз, өйткені дәл осы жаңашыл компаниялардың арқасында заманауи медицина адамзаттың игілігі үшін тапжылмай алға басып келеді.
Біз менеджментте жоғары сапа стандарттарын ұстанамыз.
NOVIRS компаниясымен келісімшарт жасаса отырып, сізге келесі мүмкіндіктер ашылады:
- Sony және Olympus каталогының қолда бар және тапсырыс бойынша барлық номенклатурасына қол жетімділік;
- NOVIRS құзыретті кәсіби қызметкерлерінің мәміле жасасудың барлық кезеңдерінде: коммерциялық ұсыныстан жеткізілімге дейін сүйемелдеуі;
- икемді бағалар мен төлем шарттары;
- сіздің кәсіби міндеттеріңізді тиімді шешуге мүмкіндік беретін жеке кешенді ұсыныстар;
- сертификатталған сервис-орталықтан кепілдікті және кепілдіктен кейінгі техникалық қызмет көрсету.
NOVIRS компаниясымен ынтымақтастық – бұл сіздің заманауи медицинаның болашағына қосқан үлесіңіз!