Гистероскопия — жатыр ауруларын диагностикалау мен емдеуге арналған аз инвазивті процедура.
Бұл эндометрия мен жатыр қуысының жағдайын барынша аз араласу арқылы егжей-тегжейлі бағалауға мүмкіндік береді: құрал жатыр қуысына табиғи саңылаулар арқылы енгізіледі және бұл ретте жалпы наркоз бен ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ.
Бұл аспаптық әдіс миомаларды, полиптерді, эндометриозды, жатырдың және эндометрияның ісіктерін емдеуде "алтын стандарт" ретінде танылған. Гистероскопия бедеулікті, жатырдың даму ақауларын емдеуде де қолданылады.
Барлық Olympus гистероскоптары соңғы оптикалық функциялармен жабдықталған және процедура кезінде пациенттің барынша жайлылығын қамтамасыз ететін атравматикалық құрылымға ие.
NOVIRS компаниясы сіздердің назарларыңызға гистероскопия жүргізуге арналған жоғары технологиялық Olympus құралдарының кең спектрін ұсынады:
- анестезия қажеттілігінсіз амбулаториялық жағдайда гистероскопия жүргізуге арналған ультра жұқа сыртқы диаметрі (3,1 мм) бар икемді гистероскоп;
- анестезиясыз барынша қолайлы гистероскопия жүргізуге арналған үздіксіз және айнымалы жуу функциялары бар 1,9 мм оптика негізіндегі гистероскоп (шағын гистероскоп) ;
- жұқа сыртқы диаметрі, жоғары өткізу қабілеті, кең бұрышты оптикасы және тубустардың толық өлшемді қатары бар 3 мм оптика негізіндегі гистероскоп;
- фаллопиялық түтіктер аймағына оңай қол жеткізу мүмкіндігі бар, ота жасау бөлмесінде кең ауқымды емдеу процедураларын жүргізуге арналған 4 мм оптика негізіндегі гистероскоп;
- гистероскоп құралдары: биопсия қысқыштары, әртүрлі конфигурациядағы қармағыш қысқыштар мен қайшылар.