NOVIRS сервис-орталығы — Орталық Азиядағы Olympus медициналық жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің барлық қызметтері өтетін орталық хаб.
NOVIRS – барлық қажетті аккредитациялары бар, сонымен қатар күрделі және қарапайым, кепілдікті және кепілдіксіз жөндеуді орындау, эндоскопиялық, электрондық, перифериялық жабдықтардың сыртқы және ішкі бөліктерін ауыстыру, бағдарламалық жасақтаманың аудиті мен баптауын орындау үшін техникалық мүмкіндіктері бар сертификатталған сервис-орталық.
NOVIRS компаниясының қызметкерлері мемлекеттік мекемелер мен жеке клиникаларда жабдықтарды тексеруді, құрамдас бөліктерін жеңіл жөндеуді және ауыстыруды қамтитын Olympus жабдықтарына жоспарлы тоқсан сайынғы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін қажетті біліктілік пен аккредитацияларға ие.
Түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді жеткізу тікелей өндіруші зауыттан жүзеге асырылады және бұл бізге олардың логистикасын қысқа мерзімде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
NOVIRS сервис-орталығының қызметкерлері медициналық жабдықты пайдалану барысында туындаған кез келген мәселені шешуге және көмектесуге әрқашан дайын!