Эндоурология — пациенттің денесіне табиғи тесіктер немесе кішкентай тесулер арқылы құралдарды енгізіп, несеп-жыныс жүйесінің әртүрлі ауруларын ең аз травматикалық жолмен емдеуге және диагностикалауға мүмкіндік беретін перспективті медициналық бағыт.
Эндоскопиялық процедуралар простата аденомасы мен склерозын, несеп-тас ауруын, бүйрек және қуықасты безінің ісіктерін, несепағар ауруларын, нефроптозды және басқа да көптеген ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Olympus эндоскопиялық жабдығы пациенттің өзі үшін барынша ыңғайлы және жеңіл ота жасалу кезінде ең жоғары дәлдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Olympus эндоурологиялық жабдықтары келесі позицияларда ұсынылған:
- уретероскопияға арналған эндоскоптар: бейне уретрореноскоптар, икемді уретероренофиброскоптар, түзу және қисық окулярлы бір арналы және екі арналы уретроскоптар;
- тас түйіршіктерді кетіруге арналған уретероскопиялық құралдар: өткізгіштер, несепағар қаптамалары және стенттер, жартылай қатты уретероскопияға арналған қайта пайдалануға болатын қол құралдары, жоғары жиілікті электродтар және литотрипсия зондтары;
- тері арқылы нефроскопия жасауға арналған құралдар - телескоптық сүмбілер, люмботомдар, нефроскоптар;
- цистонефробейнеоскоптар, цистонефрофиброскоптар;
- икемді цистонефроскоптарға арналған керек-жарақтар;
- астыңғы (подлоханочный) сегменттің оптикалық уретеротомиясына арналған керек-жарақтар, шағын нефроскоптар;
- балалар урологиясына арналған жабдық.