Гинекология

Санаттар
Эндоскопиялық процедуралардың гинекология саласындағы алатын орны ерекше. 
Гистероскопия және гистерорезектоскопия гинекологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде таптырмас құралдар болып табылады.

Жоғары технологиялық оптикалық жабдық патологиялық ошақтарды шекті дәлдікпен анықтауға, биопсия жасауға және пациентке ең тиімді емді тағайындауға мүмкіндік береді.

Жатырдың және эндометрийдің көптеген ауруларын емдеуге мүмкіндік беретін гистерорезектоскопия ағзаны сақтап қалатын жұмсақ хирургиялық ота болып табылады және ол пайда болғалы жатырға жасалатын радикалды оталардың саны шамамен 40% - ға төмендеді.

Мұндай процедуралардың артықшылықтары айқын: іштің алдыңғы қабырғасында және жатыр қабырғаларында тіліктің болмауы қан кету қаупін азайтады және оңалту кезеңін қысқартады, ал ота кезіндегі визуалды бақылау дәрігерге максималды дәлдік пен тиімділікпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Olympus гинекологиялық жабдығы дәлдік пен тиімділікті жаңа деңгейге шығарады: ең заманауи оптикалық технологиялар, сапалы, биоүйлесімді материалдар, барлық құралдардың барынша эргономикалық және атравматикалық құрылымы –әлемдік жетекші өндіруші мен оптикалық технологиялар үздігі ұсынған жабдықтың басты артықшылықтары.

Copyright © 2023