Бейнежүйелер

Санаттар
Olympus компаниясының бейнежүйелері диагностикалық және хирургиялық процедураларды орындауға арналған жоғары технологиялық құралдар болып табылады.

Бірегей инновациялық технологиялардың арқасында сіз үшін диагностиканың мүлдем жаңа деңгейі ашылады: жоғары ажыратымдылық пен контрастылық тексерулердің дәлдігі мен сапасында және кез келген басқа да медициналық емшараларда бұрын-соңды болмаған биіктерге жетуге мүмкіндік береді.  Диагностикалық және хирургиялық процедураларды жүргізу уақыты және пациенттердегі асқынулар саны қысқарады.

Olympus бейнежүйелері келесі инновациялық функцияларды қамтиды:
- тар спектрлі (NBI) және инфрақызыл визуализация функциясы; 
- кәдімгі Full HD жүйесімен салыстырғанда тіндерді 50% - ға жақсырақ көруге мүмкіндік беретін 4K ажыратымдылық технологиясы (4K визуализация айқындылығы ашық ота кезінде көру (шолу) айқындығынан асып түседі); 
- түстердің қанықтылығын қамтамасыз ететін кеңейтілген түс гаммасы (WCG) бар 4K түс форматы; 
- толық фокусты кескін (EDOF) алу мүмкіндігі;
- қызыл жарықта дихроматикалық бейнелеу (RDI);
- кескін текстурасын күшейту мен түс жіберуді түзету (TXI),
- автофлуоресцентті бейнелеу режимі (AFI).
NOVIRS компаниясының каталогында хирургия мен эндоскопияға арналған Olympus бейнежүйелері, сонымен бірге эндоскопиялық және эндобронхиалды диагностикаға арналған EVIS EUS УДЗ орталықтары ұсынылған.

Copyright © 2023